«Баткент аруынан» басталған дау

«Баткент аруынан» басталған дау

«Баткент аруынан» басталған дау
ашық дереккөзі
Қырғызстанда 2 мың жылдық мәйіт — «Баткент аруын» жерлеуге қатысты дау басылар емес. Табиғи жолмен өте жақсы сақталған көне жәдігер алпыс жылдан кейін жер қойнына табысталды.  Қырғызстанның Тарих және мәдени мұра институтының археология секторының меңгерушісі Кадича Ташбаева, сentre1.com сайтына берген мәліметінде, жәдігердің мұражайға қайтарылатынын айтыпты. Ол Бішкек мемлекеттік музейінің басшылығын Баткенттен табылған аруды қайта көмуге рұқсат бергені үшін айыптап отыр. Қырғызстанда «Баткент аруының» дауы көп жылдан бері тыншымай тұр. Мұсылмандар қауымы, сонымен қатар көріпкелдер жәдігерді көму үшін билікке бірнеше мәрте арызданған еді. Көріпкелдердің болжамынша, мемлекеттің басындағы ауыртпалық – осы ару мәйітінің көмілмей тұрғанына байланысты. Қырғыз еліндегі  2005, 2010 жылдардағы революция, экономикалық қиындықтар мен табиғат апаттары «Баткент аруының» ашуынан туындап отырған сияқты. Ағымдағы жылдың 12 қазанында Қырғызстанның мәдениет министрі Туголбай Казаков мәйіттің музейде қала беруінің қаншалықты маңызды екенін анықтау үшін комиссия отырысын өткізді. Комиссия шариғат заңдары бойынша мәйітті қайта жерлеу туралы шешім шығарды. Министрдің айтуынша, жәдігерді 60 жыл бойы ешкім зерттеген жоқ, мәйітті бальзамдау соңғы рет КСРО тұсында тіркелген. Дәл қазір диагностика мен қайта қалпына келтіруге қаражат жоқ. Сонымен қатар, ғалымдар Баткент аруының ақсүйек тұқымынан екенін дәлелдей алмапты. Жәдігерді жер қойнына жібермеуге Кадича Ташбаева ғана дауыс беріпті. Мәйіт 1956 жылы Баткент облысы Қарабұлақ елді мекенінен табылған. Экспедицияны Ленинградтан келген ғалым Юрий Баруздин басқарған. Бұл туралы ғалым бірнеше ғылыми мақаласында жазады. Баруздиннің өзі 1963 жылы таулы аймақта қайғылы жол апатынан қайтыс болды. Ал экспедицияға қатысқандардың барлығы о дүниелік болған.