Лучано Павороттиді еске алу

Лучано Павороттиді еске алу

Лучано Павороттиді еске алу
ашық дереккөзі
Әлемдік опера жұлдызы Лучано Павароттидің өмірден озғанына биыл 10 жыл толды. Осыған орай, «Астана Операның» Камералық залында ұлы тенорды еске алу концертті өтті. Бұл шара ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында Эмилия-Романья аймағы апталығының ашылуына байланысты ұйымдастырылған. Бұл кешті өткізуге Эмилия-Романья театр қауымдастығы (ATER) мен Қазақстандағы Италия елшілігі, Л.Паваротти атындағы қор  атсалысты. Концертте итальяндық әртістер Верди, Россини, Куртис операларынан ариялар мен дуэттер, сонымен қатар Кракамп, Бриччальди, Юга, Борн, Де Крешенцоның аспаптық шығармаларын орындады. Осы кеште «Premio Vittoria Caffa Righetti» халықаралық байқауының лауреаты Клаудиа Сассо және қазіргі таңда Италияда тұратын қырғызстандық талантты тенор Женишбек Ысманов сынды вокалистер Лучано Паваротти репертуарындағы туындыларды шырқады. Фортепиано партиясын өз шағында Лучано Паваротти оқушыларға сабақ үйреткен кезде оған сүйемелдеме жасаған итальяндық пианист Паоло Андреоли орындады.