Алматы автобустарында тегін интернет қолдану мүмкіндігі бар

Алматы автобустарында тегін интернет қолдану мүмкіндігі бар

Алматы автобустарында тегін интернет қолдану мүмкіндігі бар
ашық дереккөзі
272

«Beeline» Қазақстан компаниясы Алматы қаласында «WiFi Bus Beeline» республикалық жобасын іске қосты. Алматы – аталмыш республикалық жобаға қосылған сегізінші қала.

«WiFi Bus Beeline»  жобасы ұсынған 3G желісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жоба жоғары жылдамдықты мобильді интернетті еліміздің барлық өңірінде қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Қазір республиканың бірнеше қаласындағы 200-ден астам автобуста тегін интернет қолдану мүмкіндігі бар. «WiFi Bus Beeline» республикалық жобасы алғаш рет 2013 жылы Петропавл қаласында іске қосылған болатын. Кейін жоба аясында Көкшетау, Түркістан, Орал, Қарағанды, Қызылорда қалаларының автобустарына да тегін ғаламтор орнатылды. Қазір бұл жобаны жүзеге асыру үшін Павлодар, Өскемен қалаларында дайындық жүргізілуде.

Ал қазіргі уақытта Алматы қаласындағы 60 автобуста тегін интернет бар. «Beeline» Қазақстан компаниясының бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко: «Смартфондардың, планшеттердің және басқа да құрылғылардың танымалдылығының айтарлықтай артуы, адамдардың кез-келген жердегі жоғары жылдамдықты мобильді интернетке деген қажеттелігіне әкелуде. Өткен жылы «WiFi Bus Beeline» Қазақстанның жеті қаласында ашылды, жобаның еліміздегі ең үлкен қала Алматыда ашылғанына қуаныштымыз», – дейді.

Серіктес жаңалықтары