223
Қазақстан шетел тасымалдаушыларын бақылауды күшейтті
Қазақстан шетел тасымалдаушыларын бақылауды күшейтті
Қазақстан шетел тасымалдаушыларын бақылауды күшейтті. "Қазақстан аумағында шетелдік тасымалдаушыларды бақылау күшейтілді" деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Министрлік таратқан ақпаратқа қарағанда, Жеңіс Қасымбек алғашқы жеті күнде шетелдік 2700-ден астам көлік тексеріліп, 193 заң бұзу фактісі анықталғанын айтты.
Қасымбектің сөзінше, заң бұзғандардың 60 пайызы (117) қырғызстандық, 20 пайызы (38) ресейлік, қалған 20 пайызы (38) өзге елдердің (Түркия, Тәжікстан, Түркіменстан және басқалары) тасымалдаушылары.
Тексеру нәтижесіне байланысты шекаралы аймақтарға, оның ішінде Жамбыл облысына қосымша жылжымалы көлікті тексеру бекеттері жіберілген. Бұған қоса жергілікті полиция, экономикалық тергеу қызметі және мемлекеттік кіріс органдары шекарадан өтетін көліктерді күндіз-түні қадағалай бастаған.
Министр жыл басынан бері шетелдік 58 мың 655 көлік тексеріліп, 2538 заң бұзушылық тіркелгенін айтады. Ресми мәлімет бойынша, заң бұзушылардың басым бөлігі (933) - қырғыз тасымалдаушылары.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында 10 қазаннан бері тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған. Шекарадан әрең өткендерің біразы мұны Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қазанның басында Қазақстан билігінің атына сын айтқан сынымен байланыстырады.