Селфилер шеруі: Автобусқа отырған шенеуніктер "есеп" бере бастады

Қызметтік көліктерін тастап, автобусқа отырған шымкенттік шенеуніктердің қоғамдық көліктегі алғашқы селфилері жария болды. Бір ай бойы жұмысқа қала халқымен бірге автобуспен келуге міндеттелген шенділер түскен суреттері арқылы тапсырманың қалай орындағаны жайлы есеп беруде.
Алғашқы бір апта бойы облыс орталығының басшығы Ғабидолла Абдрахимов жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынайтын болды, деп жазады otyrar.kz.
Әкімнің мұндай қадамға баруына тұрғындар тарапынан түскен шағымның көптігі себеп болған.
«Бұл біз жағдайды дұрыс бақылай алмай отырмыз деген сөз. Яғни, әдісті ауыстыру керек», – дейді Абдрахимов.
Қоғамдық көлікке мінген шенеуніктер тек автобуспен жүріп қана қоймай жол бойындағы тәртіп бұзушылықтарды жазып, есеп беруі тиіс.
Желі қолданушылары бастапқыда бұған қарсы болды. Айтуларынша, қоғамдық көлікте онсыз да адам көп болады екен.