283
АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шыға ма?
АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шыға ма?
АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шығып жатыр. АҚШ БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) ұйымынан шығады, деп хабарлайды ТАСС.
Американың мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің басшысы Хезер Науэрттің бейсенбі күні таратқан мәлімдемесінде атап өткендей, шешім 2018 жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді. «2017 жылдың 12 қазанында Мемлекеттік департамент ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковаға АҚШ-тың ұйымнан шығатыны туралы және ЮНЕСКО-да бақылаушылардың тұрақты миссиясын құруға ниетті екендігін ескертті», - делінген мәлімдемеде. Науэрт атап өткендей, бұл шешімді қабылдау оңайға соқпаған. Бұл «ЮНЕСКО қарызының өсуіне байланысты АҚШ-тың алаңдаушылығын, осы ұйымда түбегейлі реформалар жүргізу қажеттілігін және ЮНЕСКО-дағы антиизраильдік теріс түсініктің сақталғанын» көрсетеді. АҚШ аталған халықаралық құрылымға мүше болмай, бақылаушы ел ретінде ЮНЕСКО-мен қарым-қатынасты сақтауға мүдделі екендігін мәлімдеді.