Т.Дүйсенова: Жыл сайын өндірісте 250-ге жуық адам қаза табады

Т.Дүйсенова: Жыл сайын өндірісте 250-ге жуық адам қаза табады

Т.Дүйсенова: Жыл сайын өндірісте 250-ге жуық адам қаза табады
ашық дереккөзі
261
Мәжілістегі өткен Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өндірістегі қайғылы оқиғаларға қатысты мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жыл сайын өндірісте 1 500-ден астам жұмысшы жарақат алады және 250-ге жуық жұмысшы мерт болады. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы мәліметінше, соңғы бес жылда алғаш рет кәсіби аурулар 2 600-ден астам адамда анықталды», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Тамара Дүйсенованың атап өтуінше, ағымдағы жылы еңбек тәуекелі карталарындағы ақпаратты ескере отырып, еңбек инспекторлары Еңбек кодексінің жаңа нормаларына сәйкес, зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайдағы 149 кәсіпорында болды.  Осы орайда айыппұл санкцияларынсыз еңбек қауіпсіздігі стандарттарын орындау тұрғысында жұмыс берушілерге 300-ге тарта ұсыныс берілді. Оның ішінде бүгінде 240-қа жуығы орындалды. Үшжақты комиссияның отырыстарында еңбекақы бойынша қарыздары бар 294 кәсіпорын қаралды. Ағымдағы жылдың 8 айында 17 жұмысшының алдындағы 2,2 миллиард теңге еңбекақы қарызы өтелді. Сонымен қатар жұмысшыларды босатуды жоспарлаған 396 кәсіпорынның 5 мың қызметкерін жұмыстан шығаруға жол берілген жоқ. 100-ден астам жұмысшысы бар 250 кәсіпорын еңбек және әлеуметтік заңнаманы жиі бұзатын тәуекел тобына жатқызылды. Бұдан бөлек, ведомство басшысы еңбек шарттары көлемінің артқанына қарамастан, бейресми шарттар да сақталуда және бұл жайт айтарлықтай алаңдатып отырғанын сөз етті. «Соңғы екі жылда еңбек инспекторлары жұмысшылардың қызметін еңбек шартынсыз пайдаланған бір мыңнан астам жұмыс берушіні анықтады. Осы орайда бұл жағдай көбінесе біліктілігі төмен жұмысшыларға қатысты болуда, яғни құрылыста, саудада, қоғамдық тамақтану орындарында, ауыл шаруашылығында және шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандарға байланысты. Ағымдағы жылы үй-үйді аралау жолымен бейресми жұмысқа баға берілді. Осы шарамен 5,6 миллион адам қамтылды. Нәтижесінде, 2,2 миллион адамның мәртебесі өзектендірілді. Зейнетақылық жарнаны бөлмей жүрген, дегенмен де жұмыспен қамтылған бір миллионға тарта адам анықталды. Мұнымен қоса, тіркелмеген жұмыссыз 320 мың адам және тиімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1,4 миллион белгілі болды», - деді Т.Дүйсенова.  

Серіктес жаңалықтары