Қазақстандық әнші «Интервидение – 2025» байқауында өнер көрсетеді

/
Қазақстандық әнші «Интервидение – 2025» байқауында өнер көрсетеді
instagram

Биыл 20 қыркүйек күні Ресейде халықаралық музыкалық «Интервидение – 2025» байқауының финалы өтеді. Қазақстан атынан бұл байқауға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев қатысады.

Ернар Садырбаев – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Pop, pop-classic, latino және R&B бағыттарында орындайтын әнші халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жеңімпазы.

2018 жылы Ернар Садырбаев Витебск қаласында өткен «Славян базары» фестивалінде бірінші орын иеленді.

2021 жылы ол Қазақстанда өткен «Маска» телевизиялық шоуына қатысып, көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болды. Шоу барысында Ернар «Бүркіт» бейнесінде өнер көрсетіп, ерекше ықыласқа бөленді.

Әншінің тағы бір жеңісі – ресейлік «Голос» жобасына қатысуы. Бұл шоуда ол Дима Биланның командасына қосылып, финалға дейін жетті.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары