Алматының ең сұлу аруы анықталды

Алматының ең сұлу аруы анықталды

Алматының ең сұлу аруы анықталды
ашық дереккөзі
Алматы аруы-2017 сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. Үш ай бойы бақ сынасқан 400 арудың ішінен  Сабина Әзімбаева оқ бойы озып шығып, тәж иегері атанды.  Финалға өткен 10 қыз видео таныстыру, көрсетпен дефиле, көше музыкасына би, шығармашылық байқау, бетпердемен және кешкі көйлек киіп дефиле көрсетті. width=«Қазір ХХI ғасыр. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Осындай байқаулар арқылы біз өзіміздің жастар мәдениетін, сан алуан ұлттардың мәдениетін насихаттаймыз. Финалға дейін экологиялық, спорт, интеллектуалдық бағыттарда көп конкурс болды. Көрермендер оны көрмесе де әлеуметтік желі арқылы қолдау білдіріп отырады», - деді қазылар алқасының төрағасы Совет Сейітов. Биылғы байқау «Сұлулық энергиясы» ұранымен өтті. Кешті тележүргізушілер Данияр Хисметов пен Арай Алдоңғар, қаржыгер  Айжан Аманқұлова, КВН чемпионы Данияр Мақашев жүргізді. Байқауға арнап музыканы Arzuman жазды. 10 бойжеткеннің ішінен қазылар алқасы 17 жастағы Сабина Әзімбаеваны жеңімпаз деп тапты. Оған 25 адамның 23-і дауыс берді.  width= Тұран колледжінің студенті би билеп, ән айтқанды ұнатады екен. Шығармашылық байқауда ол басына кесе қойып ұйғыр биін биледі. Демеушілердің арқасында жеңімпаз 10 млн теңге көлемінде сыйлық, «Қазақстан аруы-2017» мен «Әлем аруы-2018» байқауларына жолдама алды. «Әлем аруында ондаған елдің өкілдері қатысады. Мен біздің қыздар ештеңе ұтпай жүр дегенге қарсы болар едім. 2000 жылы Маргарита Кравцова 1-орын алса, 10 жылдан соң Альфина Насырова үздік алтылыққа өтті. Дина Нұралиева 10-дықта болды. Сабинаның мүмкіндігін арттыру үшін дизайнер Камилла Бахты шақырамыз. Мүмкін шетелдік маманды да тарту керке пе еді. Бірақ ол бюджетке байланысты»,- деді Совет Сейтіов. width= Алматының ең сұлу аруы туған қаласының намысын қолдан бермейтінін айтты. «Әлем аруы байқауында барымды салатын боламын. Мен үнемі байқауларға қатысып келемін. Олардың ешқайсысы оңай болған жоқ. Алайда жеңетініме үміт бар. Еңбегім зая кетпегеніне қуанып тұрмын», - деді Сабина Әзімбаева. Конгениальность аруы - Аида Малыбаева Суперстар аруы - Джулия Қожахан «Алаш Аруы»- Даяна Жамбыл Сүйкімділік аруы - Жібек Жолдас Модель ару - Аида Малыбаева Сымбат аруы - Камила Әділхан Вице-мисс - Алина Мелкина Вице-мисс - Дарья Галочкина Алматы аруы - Сабина Әзімбаева