Ата-аналар мектеп асханаларын тексере алады

Ата-аналар мектеп асханаларын тексере алады

Ата-аналар мектеп асханаларын тексере алады
ашық дереккөзі
Астаналық мектептерде сарапшылық комиссиялар құрылып, мектеп асханаларының жұмысына бақылау жасай алады.Бұл туралы Sputnik қазақстан хабарлайды.
“Астана қаласындағы білім беру мекемелерінде сарапшылық комиссиялар жұмыс жасайды. Оның құрамына мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтар, медбикелер және ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді. Олар апта сайын мектеп асханаларының санитарлық жағдайын және тамақ мөлшерінің нормаға сай келуін тексереді”, – дейді Білім беру басқармасының маманы Әсем Үсенова. Оның айтуынша, астаналық оқушылардың тамақтану мәзірі төрт аптаға арналып дайындалады. Оны құрастыру барысында Қоғамдық тамақтану институтының ұсыныстары ескеріледі.