Чилиде такси жүргізушілері шеруге шықты

Чилиде такси жүргізушілері шеруге шықты

Чилиде такси жүргізушілері шеруге шықты
ашық дереккөзі
Чили астанасы Сантьягода такси жүргізушілері шеруге шығып, әуежайға баратын жолды жауып тастады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, акцияға қатысушылар жолаушы тасымалдаумен айналысатын Uber және Кэбифай мобильді қосымша қызметіне наразы. Соның салдарынан ұзынсонар кептеліс қалыптасып, жолаушылар әуежайға жаяу баруға мәжбүр. Ал аймақтағы ірі LATAM Airlines әуе компаниясымен бюджеттік Sky-дың рейстері кейінге шегерілді. Полицияның мәлімдеуінше, шеру кезінде 1 адам қаза тауып, тағы 15-і қамауға алынды. Ал елде мобильді қызмет көрсету жұмысын реттейтін заңнама әлі жоқ. Сондықтан Убер сияқты қондырғы «көлеңкелі жүйе» арқылы жұмыс істеп келеді. Осының салдарынан заңды такси бірлестіктері шығынға белшеден батып отыр. «Бүгін таңертең болған оқиға Чилидің беделіне зор нұқсан келтіріп, әуе компаниялары мен саяхатшылар едәуір зардап шекті. Акцияның салдарынан Бразилия азаматы қаза тапты. Бұл дұрыс емес», – дейді  Сантьяго Метрополитен аймағының губернаторы Клаудио Оррего.