Қазақстандықтарға телефон тыңдалатыны туралы хабар беру ұсынылды

Қазақстандықтарға телефон тыңдалатыны туралы хабар беру ұсынылды

Қазақстандықтарға телефон тыңдалатыны туралы хабар беру ұсынылды
ашық дереккөзі
 беру ұсынылды. Қазақстанның құқық қорғау қызметін жетілдіру мен қылмыстық процесін реформалау бойынша арнайы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы қылмыстық іске қатысы бар тұлғаларға телефондарының тыңдалатыны туралы хабар беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алдағы реформада астыртын тергеу амалдары жүргізілген тұлғаларға тергеу қорытындысы туралы хабар беру мәселесі талқыланды. Тағы да еске саламын, мұндағы әңгіме Қылмыстық-процессуалдық кодексте көрсетілген қозғалатын және тергелетін қылмыстық іс процесі аясындағы астыртын тергеу амалдары жөнінде болып отыр. Зерттеу нәтижелері бойынша тұлғаларға қатысты телефон әңгімелерін тыңдау және қандай да бір астыртын тергеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабар беру қажеттігін ұсынып отырмыз», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Министр орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеуде заң тұлғалардың қылмыстық іске қатысы бар-жоғын тексеруде қандай да бір астыртын тергеу әрекеттерін жасауға рұқсат береді. Өз кезегінде ҚР Бас прокурорының орынабасары Марат Ахметжанов адамның құқығын шектейтін барлық тергеу амалдарының сотпен санкциялануы қажеттігін айтты. «Қазіргі уақытта барлық астыртын тергеу амалдарын, яғни телефон әңгімелерін тыңдауды облыстық прокурорлар санкциялайды. Реформаға сәйкес, бұл қызметтер тергеу соттарына беріледі», - деп мәлімдеді ол.