"Алматы – гүл қала" фестсивалі өтеді

"Алматы – гүл қала" фестсивалі өтеді

"Алматы – гүл қала" фестсивалі өтеді
ашық дереккөзі
855

23 мамырда Алматы қаласында «Алматы гүл қала» атты қалалық гүл фестивалі өтеді. Аталмыш фестиваль биыл дәстүрлі түрде бесінші рет ұйымдастырылуда. Биылғы мерейтойлық фетиваль ҚР Тұңғыш Президенті саябағында өтпек.

«Алматы – гүл қала» фестивалін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – ауқымды мәдени шара арқылы гүл өсіру дәстүрін жандандыру. Сондықтан, фестиваль барысында жыл сайын Алматы тұрғындарын гүл өсірумен айналысуға тартуға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылады. Фестивальде гүлдер жәрмеңкесі, гүл өсірумен айналысатын компаниялар арасында байқаулар да ұйымдастырылып, қала тұрғындары үшін гүлдер көрмесі ашылмақ. Бұл фестиваль 23 мамыр күні таңғы сағат 10.00-ден түнгі 22.00-ге дейін жалғасатын болады. Сондай-ақ, қонақтар үшін бұл күні қазақстандық фильмдерді көрсететін жаздық кинотеатр жұмыс істейді. Жас әншілер арасында байқау өткізіліп, фестиваль аясында Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары