Африкалықтар «ЭКСПО-2017» көрмесінде «Қара жорға» биін биледі

Африкалықтар «ЭКСПО-2017» көрмесінде «Қара жорға» биін биледі

Африкалықтар «ЭКСПО-2017» көрмесінде «Қара жорға» биін биледі
ашық дереккөзі
Африкалықтар «ЭКСПО-2017» көрмесінде «Қара жорға» биін биледі. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Африканың ұлттық күні өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Ұлттық күндер аясында африкалық павильонның меймандары көңілді би биледі. Амфитеатрға жиналған жұртшылықты өнерпаздар африкалық дәстүрлі билерімен қатар, қазақтың «Қара жорға» биімен көпшілікті тәнті етті. «Біз «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырту алғанымызға шын жүректен қуаныштымыз. Бұл шынында да, халықаралық дәрежедегі шара болғандықтан, Қазақстанды шынайы пейілімізбен құттықтағымыз келеді. Дәл осы жерге Африканың ұлттық күнін өткізуге қалың бұқараның жиналып тұрғаны біз үшін зор мақтаныш», - дейді африкалық павильонның комиссары Филип Конте. Алыс құрлықтың ұлттық күні амтфитеатрдан тыс аумақта да жалғасын тапты. Африкалық павильоннның маңында өкілдер ойындар ұйымдастырып, көпшілікті көңілді биге шақырды. Африканың ұлттық күні «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінің аясында өткенін атап өту керек. Мәдени бағдарламаға алыстағы құрлықта орналасқан 25 мемлекеттің әртістері қатысты.