Электр қуаты үшін төлем жөніндегі шот ұялы телефонға жіберіледі

Электр қуаты үшін төлем жөніндегі шот ұялы телефонға жіберіледі

Электр қуаты үшін төлем жөніндегі шот ұялы телефонға жіберіледі
ашық дереккөзі
392

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының енді электр қуаты үшін төлем жөніндегі шотты ұялы телефон арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мұндай мүмкіндікті шығысқазақстандықтарға «Шығысэнерготрейд» ЖШС ұсынды деп хабарлайды  «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметі.

Тұтынушылар электр қуаты үшін төлем жөніндегі шотпен қатар қарыз туралы ақпаратқа да қол жеткізе алады. Ол үшін 3310 қысқа нөміріне жеке шотты SMS арқылы жіберсе болғаны. Баспасөз қызметінің мәлімдемесінде: «2015 жылдың мамыр айынан бастап шығысқазақстандықтар үшін жаңа қызмет әрекет етеді. Тұтынылған электр қуаты үшін ай сайынғы есептеу туралы шотты ұялы телефон арқылы алуға болады. Тұтынушыға төлем сомасы көрсетілген SMS жіберіледі.  Қызмет құны – 30 теңге. Қызмет нөлдік теңгеріммен де қолжетімді. Электр  энергиясы үшін түскен төлемнен автоматты түрде ақшалай қаражат есептен  шығарылады», – деп көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары