Универсиаданың жүлде қоры Әлем чемпионатынан жоғары

Қазақстандық спортшылар 2017 жылғы жазғы Универсиадада 2015 жылғы Әлемдік чемпионаттан да көп ақша алатын болды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерві дирекциясы директорының орынбасары Алексей Крючков айтты.

Ол чемпиондар арасында қазақстандықтар да болатынына сенім білдірді.

«Қазақстан намысын біздің олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин, Отгонцэгцэг Галбадрах, Денис Уланов, Фархад Харки қорғайтын болады. Оларға артатын үмітіміз көп», – деді ол.

Оның айтуынша, әлемдік Универсиада жеңімпазы 15 мың АҚШ долларын алады, ал Әлем чемпионатында 5 мың АҚШ долларын берген болатын.

Айта кету керек, спорттық дода 19-30 тамызда Тайбэйде өтеді. Айтулы жарыста спортшылар 21 спорт түрінен бақ сынаспақ. Қазақстанның намысын 121 атлет қорғайды. Алауды таэквандодан күміс медаль иегері Смайыл Дүйсенбай алып жүреді. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы жаздық универсиада Оңтүстік Кореядағы Кванджу қаласында өткен болатын. Қазақстандық құрама сол кезде 10 медаль (6 алтын, 4 қола) иеленген болатын.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 11-орынға тұрақтады. Биыл ұйымдастыру комитеті спорт бағдарламасына ауыр атлетика, роллер-спорт, ушу спорт түрлерін енгізді.

 

 

Back to top button