Алматыда жұмысшылар ағаш түбін бетондап тастаған

Алматыда жұмысшылар ағаш түбін бетондап тастаған

Алматыда жұмысшылар ағаш түбін бетондап тастаған
ашық дереккөзі
Алматыда жұмысшылар өсіп келе жатқан талдардың түбін бетондап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қарасай батыр мен Қожамқұлов көшелері қиылысындағы жұмысшылардың бұл әрекетін куәгерлер суретке түсіріп алған. Ал Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері бұл оқиғаға қатысты кінәлі жұмысшылардың жазаланғанын мәлімдеді. "Ағаштардың түбін бетонмен құйып тастаған шеберлерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Олар бәрін орнына келтіріп, қайтадан жасап қойды", - дейді басқарма өкілдері.