Елордалық таксист 1 күнде 30 мың теңге тапқан

Елордалық таксист 1 күнде 30 мың теңге тапқан

Елордалық таксист 1 күнде 30 мың теңге тапқан
ашық дереккөзі
Жүргізілген момониторингке сәйкес «Астана Конвеншн Бюро» компаниясы 2017 жылдың жаз айы елордалық таксисттер үшін табысты болғанын анықтады. Оған себеп астанада өткізілген халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі. Асқар Накишев Astana Taxi бірыңғай такси қызметінде екі жылдан астам жұмыс істеп келеді. Оның сөзінше, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Астанаға туристердің көптеп келуіне жол ашты, такси қызметіне деген сұранысты күрт арттырды. - Өткен жазда менде мұншама клиент болған жоқ. Өйткені жазда көбі демалысқа кетеді ғой. Қалада тыныштық орнайды. Ал қазір мен 16 сағат жұмыс істеп, 30 мың теңге таптым. Бұл менің такси қызметімдегі бір күнде тапқан ең көп табысым, - деп бөлісті жүргізуші. Сонымен қатар ол шетелдік клиенттердің саны өскенін айтты. - Күніне кем дегенде 2 адам апарамын. Тіпті бір рет 5 клиент шетелдік болды. Ағылшынша білмеймін, бірақ бізге бұл жағынан Friendly Taxi сервисі көмектеседі, – дейді такси жүргізушісі. Естеріңізге саламыз, Астанада бірінші рет инвестициялық жоба аясында Astana Taxi бірыңғай такси қызметі жұмысын бастаған болатын. Жоба заңды тасымалдаушылар санын көбейту есебінен қала тұрғындары мен қонақтарының өмір қауіпсізідігін қамтамасыз етуге бағытталған.