Банк қызметкері өзіне қомақты қаражатты заңсыз аударып алған

Банк қызметкері өзіне қомақты қаражатты заңсыз аударып алған

Банк қызметкері өзіне қомақты қаражатты заңсыз аударып алған
ашық дереккөзі
Ақтөбеде екінші деңгейлі банк менеджері өз есепшотына 12 миллион теңгені заңсыз аударып алған. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Екінші деңгейлі банк директоры өзіндік қауіпсіздік қызметі арқылы 12 миллионнан астам теңгенің менеджерге аударылғанын анықтап, хабарлама берді. Қазіргі уақытта банктің есеп бөліміндегі 35 жастағы менеджер қаладан шықпау туралы бұлтартпау шарасымен жіберілді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және талан-таражға салу» бабы бойынша іс қозғалып жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.