Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетіне шалдыққан балалар алдындағы міндетін орындайды

Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетіне шалдыққан балалар алдындағы міндетін орындайды

Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетіне шалдыққан балалар алдындағы міндетін орындайды
ашық дереккөзі
269
Қазақстанда инсулин дәрісі мемлекеттің есебінен сатып алына береді. Ал инсулинді помпаларды шығарушы компаниялардың өздері тегін беретін болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Бірыңғай дистрибьютор xалықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында инсулинді сатып ала береді. Енді, инсулинді помпаларды шығаратын компаниялардың өздері аталған құрылғыларды тегін берсе екен деген тілек бар. Дәл қазір бір компания өз келісімін берді. Күні кеше тағы бір өндіруші инсулинді помпаларды тіркеді. Негізі, бәсекелестіктің болғаны дұрыс. Соның арқасында инсулиннің өзін (инсулинді помпалар емес - авт.) тиімді бағамен алуға мүмкіндік бар», - деді ҚР Денсаулық вице-министрі Ляззат Ақтаева бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслиxатында. Оның сөзіне қарағанда, бас кезінде инсулинді помпаларды да бюджеттің есебінен сатып алу жоспары болған. Алайда оны өндіруші компаниялардың өздері жеткізетін болған соң, министрдің бұйрығы кері қайтарылды. «Біз қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-атаналары алдында алған міндетімізді орындаймыз. Инсулинді помпалар тегін беріле береді», - деп атап көрсетті вице-министр. Айта кетейік, бұған дейін министр Біртанов та ата-аналармен кездесіп, мәселенің мән-жайын түсіндірген болатын. Елжан Амантайұлының айтуынша, инсулинді помпаларды ақшаға тарату жоспары болмаған, болмайды да. Негізгі өзгеріс мынада, аталған құрылғыларға кететін шығындар бюджетке емес, өндіруші компаниялардың өздеріне жүктеледі.  

Серіктес жаңалықтары