Қарағандыда жалған ақша жасайтын цех әшкереленді

Қарағандыда жалған ақша жасайтын цех әшкереленді

Қарағандыда жалған ақша жасайтын цех әшкереленді
ашық дереккөзі
221
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жалған ақша жасайтын цехты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жедел іздеу шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Респебликасының ұлттық банкноттарын жасаумен айналысқан тұлға анықталды. Жалған ақша Степной-2 шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жасалған» делінген департаменттің баспасөз баянында. Оқиға орнынан дәлел ретінде қолдан жасу белгілері бар 2000 номиналды банкнот тәркіленді. Қылмыстық істі тергеу барысында күдікті ұзақ уақыттан бері жалған ақша жасаумен айналысып келгендігі анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.    

Серіктес жаңалықтары