Алғашқы жүрек трансплантациясына - 50 жыл

Алғашқы жүрек трансплантациясына - 50 жыл

Алғашқы жүрек трансплантациясына - 50 жыл
ашық дереккөзі
399
Бүгін әлем бойынша алғашқы жүрек трансплантациясының жасалғанына 50 жыл толып отыр. Ал Қазақстанда ондай оталарды қолға алғанынымызға бес-ақ жыл болды. Дегенмен, осы уақытттың ішінде кардиоxирургтер жүздеген адамның өмірін сақтап қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Елімізде жүрек алмастыру оталары бірнеше жерде жасалады. Солардың бірі - Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталық. Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясы дәл осы орталықта жасалды. 2012 жылдың 8 тамызы күні таңғы сағат 8:00-де астаналық Жәнібек Оспановқа бірінші ота жасалды. «Шынымды айтсам, бірінші трансплантация болғаннан кейін мен қатты қобалжыдым, тіпті қорықтым деуге болады. Дегенмен, амалым болмады. Себебі бұрынғы жүрегім тек жарты жылға ғана шыдайды деді. Ал жаңа жүрекпен аман қаламын деген сенім болды. Содан өз келісімімді бердім. Ота сәтті өтті. Енді, Қазақстанда жүрек алмастырған алғашқы адам болғаннан кейін маған қатты қарады, реабилитация да ұзаққа созылды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Спортпен де айналысамын. Жақында Испанияға барып, өзіміз сияқты спортшылармен жарысып, алтын медаль да жеңіп алдық. Бұл - үлкен жетістік. Біз үшін, дәрігерлер үшін үлкен нәтиже. Әрине, донорларға айтар алғысымыз шексіз. Олар болмаса, қазір осы жерде тұрмайтын едік», - деді Жәнібек Оспанов бүгін Астанада өткен мерекелік шарада. Оның айтуынша, жүрек ақаулығы кәдімгідей ангинадан басталды. Тамақ ауруы алдымен артритке, одан кейін ревматизмге ұласып, артынан жүрекке де кері әсерін тигізген. Бес жылдың ішінде Оспановтар отбасында екі бала дүниеге келді. Қазіргі кезде Жәнібек «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етеді. Аталған ұйым реципиенттердің, яғни жүрек ағзасын күтіп жүрген адамдарға салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Бүгінгі шараға Галина Воротникова, Татьяна Жақыпова, Асқар Мұсалдин, Петр Фроленко сынды донорлардың туған-туыстары да қатысты. Аталған адамдар осы жарық дүниемен қоштасса да, өз ағзаларын беріп, басқа адамдардың өмірін ұзартты. «Асқар балам жұмысқа бара жатқанда қатты құлаған. Басын бордюрге соғып, талып қалғанда өткен-кеткен адам оны мас деп ойлаған. Біраз уақыттан соң, мектептің күзетшісі көріп, милицияға да, жедел жәрдемге де xабар берген. Ауруxанада төрт сағат бойы ота жасады. Бірақ балам комаға кетіп қалды. Артынан бізді дәрігерлер шақырып, донорлыққа келісесіз бе деп сұрады. Біз келістік. Содан жүрек, бүйрек, бауыр мен өкпесін алып, төрт адамға салып берді», - дейді Орынжан Қоспанова. Айта кетейік, соңғы бес жылдың ішінде Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықта кәсіби маман Юрий Пяның жетекшілігімен 60-қа жуық адамның  

Серіктес жаңалықтары