Youtube балаларды қорғай ма?

Youtube балаларды қорғай ма?

Youtube балаларды қорғай ма?
ашық дереккөзі
352
YouTube әлеуметтік желісі - арам пиғылды адамдардың балаларға шабуыл жасап, оларға тыйым салынған контент ұсынатын танымал алаңдарының бірі. Осы мәселені шешіп, YouTube қызметін пайдаланатын балаларды оларға қарсы жасалатын зиянды әрекеттерден қорғау үшін, компания Trusted Flaggers деп аталатын еріктілер тобын құрған. Бұл туралы Qazaqtimes жазды.  Аталған сервистің қызметкерлері жуырда BBC ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында, "YouTube Trusted Flaggers еріктілері жіберген шағымдардың ең аз бөлігін ғана қарап, қалғанын назарға алмай отыр", - деп мәлімдеді. Trusted Flaggers желідегі күдікті комменттер мен жазбаларды анықтап, сол бойынша есеп дайындап отыратын сервис түрі. Оның балалар құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтіні жоғарыда айтылды. Енді аталған сервисте еңбек ететін еріктілердің айтуынша, бірнеше ай бойы компанияның қарауын күтіп жатқан шағымдардың санында есеп жоқ. Еріктілердің бірі 2016 жылы жеке өзі 9 мың баяндама жасағанын, бірақ бірде бірі қаралмағанын жеткізді. Соңғы 60 күнде сайттың ережелерін бұзады және балалардың психикасына кері әсер етеді деп танылған 526 бейнежазбаның тек 15-і ғана өшірілген. "Бұл YouTube желісінің балалар қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап отырғанын көрсетеді" , - дейді еріктілер тобы. Trusted Flaggers қызметі 2012 жылы құрылды және оның құрамына құқық қорғау қызметкерлерінен бастап, қайырымдылық қорларына дейін кіреді.  

Серіктес жаңалықтары