Әдемі көлік номерлері қымбаттайды

Әдемі көлік номерлері қымбаттайды

Әдемі көлік номерлері қымбаттайды
ашық дереккөзі
1526
Елде бай-бағландардың нағыз бәсекесі басталды. 2018 жылдан бастап ең қымбат көлік нөмірі жарты миллионға бағаланатынын естіген алматылық жүргізушілер арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының табалдырығын күні-түні торуылдап жүр. «001», «111» «777» және «020» сынды айналы нөмірлерді баға шарықтамай тұрып сатып алуға таласып жатыр деп хабарлайды Астана арнасы. Тимур Балкеев, қала тұрғыны: - Қазір өзімнің нөмірім «020» болса, қазіргі бағасы 6 мың теңгедей болса примерно, ендігі жылы естіп жатырмыз 129 мың теңге болып кетеді екен. Қазір естуімше, бір айға нөмірді тоқтатып қойып, одан кейін бір айдың ішінде өз машинаңның атына ауыстырып алуыңа болады екен басқа машинаңа. Алып қалуға тырысамын. Салық кодексіне енгізіліген жаңа өзгеріс келер жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Соған сәйкес, «010» бастап «090» дейінгі "айналы" нөмірлері үшін төленетін мемлекеттік баж сомасы 129 мың теңгені құрамақ. Айналы сандарымен әріптері біркелкі көлік нөмірлері үшін 258 мың теңге төлейсіз. Ал, ең бағалы саналатын «001» мен «009» аралығындағы әріптері бірдей көлік нөмірлері 646 мың теңгеге саудаланады. Заңғар Шыңдалы, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма жетекшісі: - Ең қымбат нөмірлер бізде 001 басталып, 009-бен бітеді. Және 777 оларға 217 мың теңге төлейтін болса, әріптері бірдей мысалы, 001 әріптері де бірдей болатын болса, 646 мың теңге төлейтін болады. Бірақ бұл сандарды мен 2017 жылдың айлық есептік көрсеткішінің сомасымен айтып отырмын. 2269 теңгені баждың ставкаларына көбейтіп отырмын. 2018 жылы басқа айлық көрсеткіш болады. Бірақ ол жердің айырмашылығы 50, 20 или 100 теңгеге айырмашылығы болады. Алматыдағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында қымбат нөмірге талас қызды. Кейбірі тіпті қалағанын таппай жүр. Тимур Қаржаубаев, Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бөлім басшысының орынбасары: - Ағымдағы жылдың 6 айында 007 нөмірінің 18 жиынтығы сатылды. Ал, ең көп сатылған нөмір «222» болды. Сұранысқа ие нөмірлердің қатарында «888» бар. Алматылықтар әсіресе, осы көлік нөміріне қызығады. Жалпы жыл басынан бері қала бойынша 250 миллион теңгеге 671 бағалы көлік нөмірі берілді.    

Серіктес жаңалықтары