331
Литва Саакашвилиге азаматтық беруі мүмкін
Литва Саакашвилиге азаматтық беруі мүмкін
Литва Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиге азаматтық беруі мүмкін деп жазады Lietuvos zinios порталы.
Литва саясаткері, еуропарламент мүшесі Пятрас Ауштрявичюс Lietuvos zinios басылымына берген сұхбатында: «Саакашвилиге Литва азаматтығын беруге болады. Егерде біз оған азаматтық беретін болсақ, онда ол осы арқылы біздің елде саяси кеңестер беретін ұйым құрып, еуропа аумағында саясатпен айналысуға мүмкіндік алар еді» - деген.
Естеріңізге салайық, Михаил Саакашвили 2015 жылы Украина азаматтығын алғаннан кейін Грузия азаматтығынан шығарылған болатын. Ол Одесса облысының губернаторлық қызметінен отставкаға кеткеннен соң жергілікті телеарналардың бірінде бағдарлама жүргізушісі болып қызмет атқарған.
Шілденің 26 күні Украина президенті Петр Порошенко оны Украина азаматтығынан шығарып тастаған. Қазіргі таңда Михаил Саакашвили АҚШ-та жүр.