301
Қазақстан мен Мысыр Сыртқы істер министрлері 6 қазақстандықтың мәселесін талқылады
Қазақстан мен Мысыр Сыртқы істер министрлері 6 қазақстандықтың мәселесін талқылады
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мысыр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Самех Шукримен телефон арқылы сөйлесіп, Каирде ұсталған қазақстандық алты азаматтың қал-жағдайын талқылады деп хабарлады 24.kz.
«Телефон арқылы сұхбат қазақ тарапының бастамасымен өтті», – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.
«Қазақстан мысырлық биліктен жастарды ұстап әкету себептері мен олардың қазіргі таңдағы мекенжайы, денсаулықтары туралы толық ақпаратты күтіп отыр», – деді Әбдірахманов.
«Ұсталғандармен Қазақстан консулының кездесуін ұйымдастыру қажет», – дей келе, Шукри қойылған сұрақтарды толығымен түсініп отырғанын және олардың дәйектілігін айтып, бұл мәселелерді шешуде барынша жәрдем көрсетуге уәде берді.