318
Елордада еңбек мигранттары артып келеді
Елордада еңбек мигранттары артып келеді
Гүлжамал Шырәлиева осыдан төрт жыл бұрын екі қолға бір күрек іздеп Қырғызстаннан Қазақстанға келді. Астанада орнығып, нәпәқасын тапты. Бастапқыда еңбек шартын жасаспағандықтан, заңды білмегендіктен, жалақысын айлап ала алмай сергелдеңге түскен.
Гүлжамал Шырәлиева, аспаз:
– Елшілікке бардым. Олардың көмегімен қорғаушы жалдап, соңында жеңіс мен жақта болды. Гүлжамал секілді күнкөріс қамымен Қазақстанға келуші еңбек мигранттарының қарасы көп. Осыдан төрт жыл бұрын ашылған Астанадағы халықаралық орталық олардың құқықтары аяқ асты тапталмауын қадағалап, заңдық тұрғыда қолдау көрсетеді.
Қанат Мырқайдаров, Еңбек мигранттарының құқығын қорғайтын орталықтың жетекшісі:
– Еріктілер мен қызметкерлер қосылып, еңбек мигранттары шоғырланған базар, құрылыс, сондай-ақ үй қызметкерлерін аралап ақпарат береміз. Соңғы жеті айдың ішінде Көші-қон полициясы басқармасы 25 мыңнан астам шетел азаматына жұмыс істеуге рұқсат берген. Ал олардың әрқайсысы айына екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлейді. Нәтижесінде Астана қазынасы 300 млн теңгемен толығып отыр. Бірақ шекараны кескендердің бәрі заңды бірдей сақтамайды. Ережені елемеген, тығылып табыс тауып жүрген мигранттардың шоғырын жақында құзырлы органдар анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Еркетай Тұтқышев, ІІД Көші-қон полициясы басқармасының басшысы:
– Рейд жүргізу барысында бүгінге дейін 6 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Соттың шешімен өрескел заң бұзған 940 азамат елден шығарылды. Бұдан бөлек еңбек күшін заңсыз пайдаланған 68 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.