281
Қазақстан-Румыния: Білім мен мәдениет байланысы жанданды
Қазақстан-Румыния: Білім мен мәдениет байланысы жанданды
Бүгін екі елдің сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Теодор-Виорел Мелешкану екіжақты келісімге қол қойды. Бұл мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл.
Әбдірахмановтың айтуынша, осы уақыт аралығында Румыния Қазақстанның маңызды бастамаларын қолдайтын сенімді серіктесіне айналды. Мелешкану еліміздің экономиканы жаңғырту бағдарламасына инвесторлардың қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар Сарыарқа төсінде өтіп жатқан ЕХРО көрмесімен құттықтады. Оның айтуынша, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, транспорт саласындағы байланысты одан әрі дамытуға болады.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
– Бүгінгі таңда энергетикалық саладағы ынтымақтастық , сауда-экономикалық байланыстарымыздың басым тарапы болып саналады. Осыған қарамастан сауда салаларын кеңейту және оны қолға алу –міндет.
Теодор-Виорел Мелешкану, Румынияның Сыртқы істер министрі:
– Біз министрліктер арасындағы диалогты одан әрі де жалғастырамыз деп келістік. 2017-2018 жылдарға арналған бағдарлама бар. Соның аясында бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз. Осы жолғы сапарымыздың жемісті болғанына қуаныштымын.