Жемқорлық білім грантына да аяқ басқан

Жемқорлық білім грантына да аяқ басқан

Жемқорлық білім грантына да аяқ басқан
ашық дереккөзі
ҚР Мемлекетті қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың айтуынша, мемлекеттік гранттарды бөлу құзыреті университеттердің өздеріне берілгеннен кейін жемқорлық мәселесі ушығып кетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Соңғы жылдары мемлекеттік гранттарды тарату кезінде қызмет бабын асыра пайдалану мәселесі ушығып келеді. Себебі қазіргі кезде гранттарды университеттердің өздері таратады. Ал грантарды бөлу туралы шешімдер, көп жағдайда, постфактум, яғни бәрі шешілгеннен кейін ғана жарияланады. Сол себепті гранттарды тарату жұмысына қоғамдық бақылауды орнату қажет. Негізі, осы саладағы жемқорлыққа, көбінесе, оқытушылардың төмен жалақысы себеп болып жатады», - деді Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол картасын іске асыруға арналған селекторлық кеңесте. Бүгінде аталған картаны агенттік «Нұр Отан» партиясымен бірге іске асырып келеді. Есеп комитетінің мәліметіне сәйкес, өткен жылы жоғары оқу орындарында 109 қаржылық тәртіп бұзушылықтар болды. Шығынның жалпы көлемі 14,3 млрд теңгені құрады. Тәртіп бұзушылықтардың ішінде түлектердің жұмысқа тұрғаны туралы жалған есеп беру, қаржылық шығындарды ойдан құрастыру және тағы басқа әрекеттер бар.