305
Гүлнара Каримова тұтқындалды
Гүлнара Каримова тұтқындалды
Өзбекстанның Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнар Кәрімоваға қатысты қылмыстық істің қозғалғандығын ресми жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өзбекстан Бас прокуратурасы таратқан ақпаратта 2013 жылдың 24 қазанында «Terra Group» ЖШҚ, «Prime Media» ЖШҚ, «Gamma Promotion» ЖШҚ қызметінен салық төлеуден жалтару фактісі қойынша қылмыстық іс қозғалғандығы аталып өтілген.
«Аталған қылмыстық істі тергеу барысыда Кәрімова Гүлнор Исламқызы, 1972 жылы дүниеге келген, Ферғана облысының тумасы, өзбек, білімі жоғары, мына мекенжайға тіркелген Ташкент қаласы, Яшнабад ауданы Я.Гулямов көшесі 77 «а» үйіндегі Саяси зерттеулер орталығының директоры 2001-2012 жылдары Н.Содиков, ал 2013 жылдың қаңтар-қазанында Р.Мадумаров жетекшілік еткен ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекеттеріне тікелей жердем беріп отырған», - делінген хабарламада.
Ведомство ақпаратына сәйкес Кәрімованың бақылауымен және жәрдемімен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері 2001-2013 жылдар аралығында бірқатар қылмыс жасаған. Оның ішінде бопсалау арқылы азаматтар мен кәсіпкерлерден қаржы-қаражаттарды, акциялар мен үлестері және мүліктік нысандарды иелену, мемлекет мүлкін иемдену және талан-таражға салу арқылы ұрлау, салық төлеуден жалтару, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ұйымдасқан топтың бақылауындағы шаруашылық субъектілері мен оффшорлық компаниялардың қызметімен байланысты құжаттарды жою, бүлдіру, жасыру қылмыстары бар.
Аталған қылмыс белгілері бойынша Кәрімоваға Өзбекстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ташкент облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотының 2015 жылғы 21 тамыздағы үкімімен Кәрімова жоғарыдағы қылмыстарға кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Дегенмен, Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс ұйымдасқан қылмыстық топқа жәрдемдесу фактісі бойынша жеке өндіріске алынып, қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Олардың қатарында өзгенің мүлкін иелену, шетелдік валютаны жасыру, кеден заңнамасын бұзу, сауда мен қызмет көрсету ережесін бұзу, жалған құжаттар жасау және оларды ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмысын заңды етіп көрсету үшін пайдалану, қылмыстық жолмен алынған кірісін жылжымайтын мүліктер сатып алу арқылы заңдастыру, ұйымдасқан қылмыстық топпен оффорлық компаниялар арасында жалған келісімшарттар жасасу арқылы ақша қаражаттарын аудару сынды қылмыстар бар. Аталған фактілер бойынша Кәрімоваға Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 6 бабы бойынша айып тағылды және тұтқынға алу түріндегі шара қабылданды.
Жоғарыда аталған қылмыстық істер бойынша мемлекет пен азаматтардың мүддесіне келген шығынның жалпы сомасы миллиард доллардан асып жығылады.
Тергеу материалдарына сәйкес 12 шет мемлекеттің аумағында қылмыстық топтың заңдастырылған активтері бар екендігі белгілі болып отыр.