233
Ауылшаруашылығы министрі Маңғыстауға барды
Ауылшаруашылығы министрі Маңғыстауға барды
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов еліміздің батыс аймағына жасаған жұмыс сапарының жалғасы ретінде Маңғыстау облысында болды.
Вице-премьер жұмыс бағдарламасына сәйкес Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы «Казах осетр» ЖШС-на барды. Аталған серіктестік өңірдегі бірден-бір бекіре етін шығаратын бекіре фермасы болып табылады.
Мұнан соң облыстық әкімдікте АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған отырыс болып өтті және де онда мал шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ветеринарлық қауіпсіздік пен балық шаруашылығы мәселелері қаралды.
Отырысқа Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындары, шаруалар мен салалық қоғамдастықтар өкілдері қатысты.