"ІІІ топтағы мүгедектерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру керек"

"ІІІ топтағы мүгедектерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру керек"

"ІІІ топтағы мүгедектерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана беру керек"
ашық дереккөзі
636

ІІІ топтағы мүгедектерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға құқылы адамдардың қатарына енгізу керек. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов осындай ұсыныс жасады. Депутаттың деректері бойынша, бүгінде Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар екен.

«ҚР-ның Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялауы: оң өзгерістерге ұмтылыс» халықаралық конференциясында сөз алған сенатор Ақан Бижанов: «Мүгедектігі үшінші топтағы адамдарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бар екенін көріп отырмыз. Осы жағдайда, мүмкін оларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға құқылы адамдардың тізіміне енгізу қажет болар», – деді. Сондай-ақ, Сенат депутаты мүмкіндігі шекетеулі жандарға қатысты өзге мәселелерге де назар аударды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың да өзгелермен бірдей білім алуына және қоғамда бейімделуіне барлық жағдай жасалу керектігін де ескертті.

Түрлі мемлекеттік шаралар қабылданып жатса да, әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бар екенін айтты. «Мысалы, мүгедектерді жұмысқа орналастыруда кейбір қиындықтар туындайды. Инфрақұрылым нысандарына, көлікке және өзге де әлеуметтік қызметтерге олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тиісті деңгейде емес», – деп атап өтті Ақан Бижанов.

Серіктес жаңалықтары