Украина тапсырысты әлі орындаған жоқ

Украина тапсырысты әлі орындаған жоқ

Украина тапсырысты әлі орындаған жоқ
ашық дереккөзі
212
Еліміздің Ұлттық ұланы Украинадан Ан-74 маркалы ұшағына тапсырыс бергені таяуда ғана белгілі болды. Алайда бұл келісімнің орындалмай жатқанына 3 жылдан асты. Қазақстандық тарап тапсырысына қол жеткізбес бұрын ұшақ құрылысына қажетті қосалқы бөлшектерді Ресейден сатып алуға мәжбүр. Тек содан кейін ғана Украина тарапына тапсыру керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Украина істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі Володымыр Джиджор хабарлады. Оның айтуынша, әуе техникасы 90 пайызға дайын болғанмен, тек бір жылдан кейін тапсырылады. Володымыр Джиджора, ҚР Украина істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі: – Бұл – коммерциялық мәселе. Біз оған араласа қоймаймыз. «Украинаның қорғаныс өнеркәсібі» мен «Қазақ Инжиниринг» компаниясы өзара келісім жасасқан. Оның қай форматта іске асып жатқаны беймәлім. Барлық қажетті қосалқы бөлшектер жиналғаннан кейін ұшақ құрылысы да толық аяқталады. Еске сала кетейік, еліміздің Ұлттық гвардиясы Ан-74 ұшағына 2014 жылы тапсырыс берген. Бірінші келісімге сәйкес ұшақ 2015 жылдың соңында жеткізілуі тиіс еді. Алайда Украина мен Ресей арасында туындаған саяси кикілжіңнің әсері болған. Өйткені ұшақтың кей қосалқы бөлшектері Ресей зауыттарында жасалады. Дағдарыстан кейін Ресей Украинаға қосалқы бөлшектерді сатуын үзілді-кесілді доғарған. Ал қазақстандық тарап алдын ала ұшақ құнының 50 пайызын, яғни 15 млн долларын төлеп қойған. Володымыр Джиджораның айтуынша, қазақстандық тарап Украинаның өзге де әуе техникаларына қызығушылық білдіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары