Байқоңыр ұшырылымдарын туристер тамашалай алады

Байқоңыр ұшырылымдарын туристер тамашалай алады

Байқоңыр ұшырылымдарын туристер тамашалай алады
ашық дереккөзі
434
Халықаралық ғарыш стансасына кезекті экспедиция экипажымен «Союз МС-05» көліктік басқарылатын кеме Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуға кемі екі тәулік қалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат». «Союз МС-05» КБК-мен «Союз-ФГ» зымыран тасығышы монтаждау-сынақ корпусынан шығарылды да Байқоңыр ғарыш айлағының №1 алаң ұшыру кешеніне орнатылды. МСК-ден ұшыру кешеніне дейін ара қашықтық небәрі бірнеше шақырым ғана, бірақ техникалық талапқа сәйкес темір жол бойынша қозғалыс баяу жылдамдықпен жүріп, бірнеше сағатқа созылады. Ғарыш кемесін шығару және тасымалдау барысын Ресей, Қазақстан, Еуропадан жүздеген туристер, таяу және алыс шетелдерден аккредиттелген журналистер бақылады. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне белгілі болғандай, Байқоңырдан ұшырылымды ЭКСПО көрмесіне қатысқан елдерден 50 комиссар бақылайды деп жоспарлануда. «Союз МС-05» КБК-мен «Союз-ФГ» ЗТ ұшыру қондырғысына орнатқаннан кейін Ресей зымыран-ғарыштық сала кәсіпорындарының мамандары бірінші ұшырылым күнгі бағдарлама жұмыстарына кірісіп кетті. Олар радиобайланыс жүйесін тексереді, экипаждың авариялық құтқару жүйесінің әзірлігіне бақылау жүргізеді, цифрлық ақпарат жиындарын тестілеуден өткізеді, деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметі. Зымыран Астана уақыты бойынша сағат 21.41-де Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан ұшырылады деп жоспарлануда.  

Серіктес жаңалықтары