314
Ғалымдар Айдан су тапты
Ғалымдар Айдан су тапты
Ғаламшартанушылардың халықаралық ұжымы Ай қойнауында су барын анықтады, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Ғалымдардың зерттеуі Nature Geoscience журналында жарияланды және Браун университетінің ғалымдары ол туралы қысқаша баяндап берді. Мамандар Үндістанның Chandrayaan-1 жер серігі арқылы жинаған мәліметтерді зерттей келе, спектрал сарапта негізінде Ай бетіндегі ежелгі жанартау қалдықтарының химиялық құрамында судың мол екенін анықтады.
Ғалымдар Айдың сыртқы бетіне су жанартаумен бірге шыққан деген пікірде. Жанартау қалдықтары құрамының 0,05 пайызы судан тұрады. Бұл қазіргі кезде Айдың қойнауы суға толы екенін білдіреді. Ғалымдардың пайымынша, ол суды осы ғаламшардағы миссиялар кезінде пайдалануға болады. Дегенмен ғалымдар бұл ғаламшарда судың қайдан пайда болғанын білмейді. Айда су бары мұның алдындағы Apollo миссиясы кезінде де дәлелденген. Сонымен қатар, Ай полюсінің түнек баысп тұрған кратерлерінде мұздар бар.