Ватикан кардиналдарының дінге қарсы қылмыстары әшкерелене бастады

Ватикан кардиналдарының дінге қарсы қылмыстары әшкерелене бастады

Ватикан кардиналдарының дінге қарсы қылмыстары әшкерелене бастады
ашық дереккөзі
291
Ватиканның белді кардиналдарының бірі Джордж Пелл педофилия ісі бойынша айыпталып отыр. Мұның алдында Аустралия тумасын ел билігі бірнеше рет сотқа шақыртқанымен, 74 жастағы клирик денсаулығын сылтау етіп туған жеріне барудан бас тартқан еді. Дегенмен Ватикан кардиналы ақыры тергеумен ынтымақтасуға ниет білдірді, - деп жазады France-Presse басылымы. Аустралия билігі Ватиканның қазынашысын көптеген кәмелетке толмаған балаларды азғырды деп айыптап отыр. Алайда дін қызметкерінің өзі бұл айыптарды мойындамады. Бұл жолы ол осы айыптардың барлығынан біржола құтылу үшін елге келгенін айтады.

Серіктес жаңалықтары