Сәбиіне қатыгездік танытқан аналар жауапқа тартылады

Сәбиіне қатыгездік танытқан аналар жауапқа тартылады

Сәбиіне қатыгездік танытқан аналар жауапқа тартылады
ашық дереккөзі
270
Алматы облысының екі тұрғынына өздерінің кішкентай балаларына қатыгездік танытты деген  күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Аналардың бірі интернеттегі бейнероликтің кейіпкері болды. Ол өзінің жеті айлық қызын еденге лақтырып жіберді. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауындағы қызды анасына қайтарғалы отырған жоқ. Қазіргі уақытта әйелді ата-аналық құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр. Полиция ҚР ҚК-нің 140-бабымен қозғаған қылмыстық істі тергеп жатыр. "Расында, іс бойынша тергеу Талғар АІІБ қызметкерлерінің өндірісінде. Дерек сондай-ақ, Талғар аудандық әкімдігінің қамқорлық органдарының қызметкерлері айналысып жатыр. Олар осы аптада тиісті комиссия барысында әйелді ата-аналық құқығынан айыру-айырмау мәселесін қарайтын болады", — деді полицияда. 28 жасар әйелдің қолында әлі де төрт жасар қызы бар. Ал үлкен ұлы туыстарында. Сондай-ақ, сәбиге қатыгездік таныту дерегі 21 шілдеде көрші Еңбекшіқазақ ауылында орын алған. 42 жасар Ават ауылы тұрғынының үш айлық баласынан бас сүйек ми жарақаты, бас миының шайқалуы анықталған. "Есік қаласының ауруханасына расында айқын соққы белгілері бар үш айлық баланы жатқызды. Жаңа туған сәбидің анасы күдікті ретінде ұсталды. Дерек бойынша Қ ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады облыстық ҒҒД баспасөз қызметінде.  

Серіктес жаңалықтары