208
Қайрат Жамалиевтің ісі неге қайта қаралды?
Қайрат Жамалиевтің ісі неге қайта қаралды?
"Әліби ісі" бойынша Қайрат Жамалиевті 13 жылға бас бостандығынан айырған судья оның ісі неліктен қайта қаралғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Судья Ербол Рахымбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өз пікірін білдірді. Еске салайық, кассациялық инстанция Әліби Жұмағұловтың өтінішін есепке ала отырып, Қайрат Жамалиевтің іс әрекетін ҚР ҚК-нің 194-баптың 4-тарауының 2-тармағынан осы баптың 3-тарауының 2-тармағына ауыстырған болатын.
"Көлік құны бопсалау аса ірі көлемде ме, жоқ па соған әсер етіп тұрған Егер аса ірі көлемде болса, жазасы ауыр, егер ірі көлмеде болса, жазасы жеңілдеу болады. Іс бойынша екі сараптама болды: біреуін зардап шеккен тарап, екіншісін қорғаушы жақ ұсынды. Осыған байланысты өзіміз үшінші сараптама жүргіздік. Оның қорытындысы бойынша, бопсалау ірі көлемде болғаны анықталды. Көліктің моделі, жылы есепке алынды. Сондықтан осындай шешім шығардым", - дейді Жоғарғы соттың судьясы Ербол Рахымбеков.
Кассациялық соттық істі қайта қарауы бойынша Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 7 жылға азайтылды. "Жоғарғы инстанциялар бар, яғни, істі үш судья қарайды. Егер олар осындай шешім шығарса, маған келісу ғана қалды. Өз пікірімді үкімде білдірдім", - деп түсіндірді судья.