Беларуьсте риэлторлар өлім жазасына кесілді

Беларуьсте риэлторлар өлім жазасына кесілді

Беларуьсте риэлторлар өлім жазасына кесілді
ашық дереккөзі
Беларусь елінің Могилевский облыстық соты бүгін алты адамды өлтірген және тағы үш адамды өлтіруге дайындалған қара риелторлардың ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлады БЕЛТА. Бұл атышулы іс бойынша сот талқылауы сегіз айға созылды. Олардың әрқайсысына Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша айып тағылды. Олардың ішінде алты адамды өлтіріп, тағы үш адамды өлтіруге дайындалу, адам ұрлау, ұрлауға дайындалу, сондай-ақ алаяқтық, қарақшылық, бопсалау, заңсыз кәсіпкерлік қызмет бар. Мән-жайды жан-жақты, толықтай, объективті зерттегеннен кейін бас фигурант Игорь Гершанков пен оның сыбайласы Семен Бережной ең ауыр жаза - өлім жазасына кесілді. Оның жұбайы Татьянаға сот жалпы режімдегі колонияда жазасын өтеумен 24 жылға бас бостандығынан айыру, Борис Колесниковке - қатаң режімдегі колонияда 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыс 2009-2015 жыл аралығында жасалған. Олар жалғыз азаматтар мен ішімдікке салынғандарды таңдаған. Олардың материалдық жағдайларының ауыр екендігін пайдаланған айыпталушылар оларды пәтерлерін сатуға көндіріп, орнына жаңа үй сатып алуға көмектесуге уәде берген. Мәміледен кейін клиенттерді өлтіріп, алдын ала қазылған жерге көміп отырған.