Қашқын сарбаз Атырауда ұсталды

Қашқын сарбаз Атырауда ұсталды

Қашқын сарбаз Атырауда ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтаудағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Сергей Пыхалов Атырауда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген әскери қызметші тексеруден өту үшін жіберілген клиникадан қашып кеткен. Оған іздеу салынған еді. Ол 20 шілде күні кешкісін табылды», - деп хабарлады Батыс өңірлік әскери прокуратурасы. Еске салсақ, сарбаз Сергей Пыхалов 6656-әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. Ол Қарағанды облысынан шақырылды. Оның не себепті қашқаны әзірге белгісіз.