Таиланд 2023 жылғы Азия кубогын өткізуден бас тартты

Таиланд 2023 жылғы Азия кубогын өткізуден бас тартты

Таиланд 2023 жылғы Азия кубогын өткізуден бас тартты
ашық дереккөзі
 Таиланд 2023 жылы футболдан Азия кубогын өткізуге үміткер болмайтын болды. Бұл жайлы Азия футбол конфедерациясының сайтында жарияланды. «Таиланд футбол қауымдастығы Азия футбол конфедерациясына 2023 жылы өтетін Азия кубогын өткізуге үміткерліктен шығатындығы жайлы шешімін мәлім етті», - делінген конфедерация хабарламасында. Қабылданған шешімнің себебі айтылмаған. Енді турнирді өткізуге тек Қытай мен Оңтүстік Корея үміткер болып отыр. Азия Кубогы төрт жылда бір рет ұйымдастырылады. Келесі турнир 2019 жылы БАА-інде өтеді.