229
Қазақстанда 4 адамға 1 көліктен келеді
Қазақстанда 4 адамға 1 көліктен келеді
Қазақстанда жыл өткен сайын темір тұлпарлар саны көбейіп барады: соңғы төрт жыл ішінде көліктер саны 800 мыңға артқан, деп мәлімет берді республиканың төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.
"Республикадағы автокөліктер санының өсімі 22% құрады. Көліктердің көбею қарқыны халық санының өсімі қарқынынан асып кетті", — деді ҚР ТЖК-де.
Бірақ, құтқарушылардың айтуынша, көлік саны артып жатқанымен, олардың өртену көрсеткіші де төмендемей тұр. Былтырғы жылы әртүрлі себептерден екі мыңнан астам көлік өртеніп кеткен. Материалдық шығынның жалпы сомасы төрт жүз миллион теңгеден асты.
Өрт салдарынан былтырғы жылы 14 адам қаза тауып, 24 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған.