Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Түркия премьер-министрі үкіметтің жаңа құрамын жариялады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның 65-ші үкіметіндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлады Анадолу. 

Түркия премьер-министрі үкіметтің жаңа құрамының мүшелері – жұмыс істеп жатқан министрлер сияқты өз істерінің мамандары екенін хабарлады. «Әңгіме эстафетаны тапсыру жайында ғана», – деп атап өтті Йылдырым. Түркия премьері үкіметтің жекелеген мүшелері жауапты салаларды бөлу үдерісі жалғасып жатқанын айтты. «Бір күнде ішінде вице-премьерлер жетекшілік ететін құрылымдар хабарланады», – деп түсіндірді Йылдырым.

Вице-премьерлер: Бекир Боздаг, Мехмет Шимшек, Фикри Ишик, Реджеп Акдаг, Хакан Чавушоглу; Әділет министрі – Абдулхамит Гюль; Отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетюл Саян Кая; Еуроодақ істері министрі – Омер Челик; Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі – Фарук Озлю; Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі – Жюлиде Сарыэроглу; Қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік қорғау министрі – Мехмет Озхасеки; Сыртқы істер министрі – Мевлют Чавушоглу; Экономика министрі – Нихат Зейбекчи; Энергетика және табиғи ресурстар министрі – Берат Албайрак; Жастар істері және спорт министрі – Осман Ашкын Бак; Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрі – Ахмет Эшреф Факыбаба; Кеден және сауда министрі – Бюлент Тюфенкчи; Ішкі істер министрі – Сулейман Сойлу; Даму министрі – Лютфи Эльван; Мәдениет және туризм министрі – Нуман Куртулмуш; Қаржы министрі – Наджи Агбал; Ұлттық білім беру министрі – Исмет Йылмаз; Ұлттық қорғаныс министрі – Нуреттин Джаникли; Орман шаруашылығы және су ресурстары министрі – Вейсел Эроглу; Денсаулық сақтау министрі – Ахмет Демирджан; Көлік, меке қатынасы және байланыс министрі – Ахмет Арслан.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button