Бір сәтте мың тұлпардың шабысын тамашалады

Бір сәтте мың тұлпардың шабысын тамашалады

Бір сәтте мың тұлпардың шабысын тамашалады
ашық дереккөзі
236
Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Тяньшаньнет» ақпараттық порталына сілтеме жасап. Ал аталмыш шараның соңғы сәтінде «10 мың тұлпардың шабысы» атты жанды көрсетілім ұйымдастырылып, сахна алдынан мыңдаған сайгүлік жер төсін дүбірлетіп шауып өтті. Осы қойылымдарды көрсетуге арнайы жобаланған ерекше сахнаның жалпы аумағы 2000 шаршы метр болса, сахна төріне қолмен бейнеленіп салынған 3D үлгісіндегі алып тұлпар бейнесі көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Бұдан басқа мәдени шара аясында Араб жылқысы, таза қанды ағылшын жылқысы, Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы сияқты әлемге танымалы жылқы тұқымының 20 түрі көпшілікке көрсетілді. Сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ойындары қызқуар, көкпар, теңге ілу, бәйге секілді жарыстар өтті.

Серіктес жаңалықтары