Шығыс Қазақстанда дауылдан бес адам зардап шекті

Шығыс Қазақстанда дауылдан бес адам зардап шекті

Шығыс Қазақстанда дауылдан бес адам зардап шекті
ашық дереккөзі
  Шығыс Қазақстан облысында қатты дауыл салдарынан 35 нысанның шатыры қирады. Олардың қатарында тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар, денсаулық сақтау, білім және мәдениет нысандары бар. Дүлей жел Ұлан, Жарма және Глубоковский аудандары мен Өскемен қаласында соқты. Қалалық аурухана көмегіне 5 зардап шегуші жүгінді. Дәрігерлердің қарауынан кейін екеуі үйлеріне қайтарылды, деп хабарлады облыстық ТЖ департаменті. «112» және «101» желілеріне Өскемен мен қала маңындағы аудандардан шамамен 100 қоңырау шалынды. Қазіргі уақытта аудандық және қалалық ТЖ қызметкерлері шалынған әр қоңырауға жауап беріп, оқиға орнына баруда. ТЖ департаменті құтқару қызметтерінің алдын ала, жексенбі күні түстен кейін «Қазгидромет» ақпаратының негізінде мобильді байланыстар және ведомствоның ресми сайты арқылы тұрғындарды 17 шілде күнгі ауа райы болжамымен, жел екпіні секундына 20 метрге дейін жететінін хабардар еткендігін айтуда.