Қазақстандағы интернет-сауда 1 млрд долларға дейін өседі

Қазақстандағы интернет-сауда 1 млрд долларға дейін өседі

Қазақстандағы интернет-сауда 1 млрд долларға дейін өседі
ашық дереккөзі
329

Болжам бойынша 2017 жылы Қазақстандағы интернет-сауда 1 млрд долларға дейін өседі. Бұл туралы chocolife.me хабарлады.

Онлайн сатып алушылар негізінен тауар мен ойын-сауыққа төлем жасайды. Компанияның мәліметінше, барлық тұтынушылардың (1,2 млн) 28 пайызы «Ойын-сауық және демалыс» категориясын таңдайды. Бұл категория барлық сатып алулардың 25 пайызын құрайды. Екінші орында «Тауарлар» (26%) тұр. Оның жалпы саудадағы үлесі 16 пайыз. Одан кейін «Сұлулық және денсаулық» (18%), «Тағам» (14%), «Қызметтер» (10%) және «Спорт» (5%) бөлімдерінен жиі сауда жасалады. «Таңдалған категория мен сауда жиілігіне қарай тұтынушылар арасындағы байланыс әр бөлімде әр түрлі. Мысалы, «Тағамдардың» 14 пайыз тұрақты тұтынушылары бар, олардың жалпы сауда көлеміндегі үлесі – 21 пайыз. Сонымен қатар, бір адам бірнеше қызметтерді («Тағам», «Тауарлар») пайдалануы мүмкін», – деп атап өтті компанияда.  

Серіктес жаңалықтары