Конгресте президент Трампқа импичмент жариялау туралы ұсыныс енгізілді

Конгресте президент Трампқа импичмент жариялау туралы ұсыныс енгізілді

Конгресте президент Трампқа импичмент жариялау туралы ұсыныс енгізілді
ашық дереккөзі
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі, калифорниялық демократ Брэд Шерман сәрсенбі күні Конгреске президент Дональд Трампқа импичмент жариялау жөнінде ұсыныс енгізді. Шерман бұл талабын Трамптың заңдарды өрескел бұзуымен түсіндіреді. Оның ойынша, АҚШ президенті өткен жылғы сайлауалды кампаниядағы "ресейлік ізді" тергеуге жетекшілік еткен ФБР басшысы Комиді оставкаға жіберіп, әділеттілікті орнатуға кедергі келтірген. Конгресмен бұған негіз ретінде Комидің "президент қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы көмекшісі Майкл Флиннің ресейлік өкілдермен байланысын тергеуді тоқтатуды талап етті" деген сөздерін есепке алады. Бұл Дональд Трамптың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі бірінші рет түскен ресми бастама. Қазіргі уақытта оны тек екі конгресмен ғана қолдап отыр. Демократтардың басшылығы бұл бастаманың нәтиже беретініне сенімді емес. Себебі президент қызметінен кету үшін төменгі палата мүшелерінің басым бөлігі дауыс беру керек. Ал онда республикалықтар 46 дауысқа көп. Бірақ оппозиция балама ретінде тәуелсіз комиссия құруды ұсынады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Хакаби-Сандерс калифорниялық демократтың ұсынысын "ақымақтық" деп атады.