Дүйсенбі, 20 Наурыз, 2023

Түркіменстан мемлекеттік телеарналарын қаржыландыруды доғарады

Түркіменстанның мемлекеттік телеарналары мен радио станциялары бұдан былай бюджеттен қаржыландырылмайды. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 

Түркіменстан президентінің 7 шілде күнгі жарлығына сәйкес, теле-радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетті шаруашылық есепке аударған. 2018 жылдан бастап бұл саланы мемлекеттік қазынадан қаржыландырылу біртіндеп тоқтатылады.

Үкіметтің шешімі бойынша, теле-радио хабар тарату жүйесі жарнама арқылы түскен табыстан өз шығындарын, өздері жабады.

Қазіргі уақытта Түркіменстанда мемлекеттік «Алтын Асыр», «Яшлык», «Мирас», «Түркіменстан», «Ашхабад», «Түркімен овазы» «Түркіменстан спорт» деп аталатын 7 телеарна және «Чар тарапдан», «Мирас», «Оваз» және «Ватан» деп аталатын 4 радио канал жұмыс істейді. Бұлардың бәрі мемлекет тарабынан қаржыландырылады.

Түркіменстанның мемлекеттік телеарналарындағы бағдарламаларды ел президенті қазіргі дамуға сәйкес келмейді деп бірнеше рет сынаған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button