"Жеке детективтік қызмет туралы" заң қабылданды
"Жеке детективтік қызмет туралы" заң қабылданды
«Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданды. Аталмыш заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен еркіндігін, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғауға бағытталған.
«Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын қабылдау арқылы Қазақстандағы жеке детективтік қызметті реттеу көзделген. ҚР Әділет министрі Берік Имашевтің айтуынша, бұл заңда жеке және заңды тұлғаларға жеке детективтік қызмет көрсетудің және тапсырыс берушінің мүддесі мен құқығын қорғаудың басты міндеттері көрсетіледі. Жеке детективтік қызметке тапсырыс берушінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған лицензияланатын қызмет түрлері де қарастырылмақ. Ал лицензия алатын адамдар үшін біліктілік талаптары белгіленеді: детективтерге құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың жедел не тергеу бөлімшелерінде кем дегенде 15 еңбек өтілінің болуы, 35 жасқа толуы, соттылығының болмауы. Сондай-ақ, жеке детективтердің қызметін құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін олардың заңнама талаптарын орындауын бақылау бойынша уәкілетті органның құзыреті мен өзге де функциялар белгіленбек.