Ұрланған экспонат жайлы ақпаратқа 100 мың доллар беріледі

Ұрланған экспонат жайлы ақпаратқа 100 мың доллар беріледі

Ұрланған экспонат жайлы ақпаратқа 100 мың доллар беріледі
ашық дереккөзі
185

Экспонат 1990 жылдың 18 наурызында ұрланған. Бостондағы Изабелла Стюарт Гарднер музейі ұрланған экспонаттардың бірін қайтаруға көмектесетін ақпарат үшін 100 мың доллар төлеуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұражай қомақты қаражатты наполеондық лейб-гвардия штандартының жоғары жағындағы биіктігі 25 сантиметрге жуық бүркіттің қола мүсіні жайлы ақпарат берген адамға бермек, Бүркіттің қола мүсіні 1813-1814 жылдары жасалған екен. Биыл ұрланғанына 25 жыл болыпты. Мұражай мәліметтері, Бостон полициясы офицерлерінің киімін киген белгісіз екі адам музейге кіріп, дабыл жүйесіне қосылмаған 13 өнер туындысын алып кеткен деген хабар таратып отыр. Олардың қатарында, Рембрандт, Эдуард Мане, Ян Вермеер және Эдгар Дег сияқты суретшілердің 12 өнер туындысыда бар.

Ұрлықты анықтауға бәс тіккен мұражай, қолды болған зат туралы қажетті мәліметтерді ұсынатын адамның есімін құпия ұстауға уәде береді.

Серіктес жаңалықтары